«Бір Алла сақтады»: танымал мектеп директоры жол апатына түсті

Ақмоншақ Нұртаза әлеуметтік желіде белсенді ұстаз ретінде танылған.

Астана қаласындағы мектеп-гимназияның директоры, блогер Ақмоншақ Нұртаза жол апатына ұшырады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ақмоншақ Нұртазаның айтуынша, көлігі басқа автокөлікпен соқтығысқан. Жол апатынан мектеп директоры жарақат алып, ауруханаға түскен.

«Қайта туылған күн. Аман болайық. Бір Алла сақтады. Маған түкіріп қоясыздар ау», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Ақмоншақ Нұртаза әлеуметтік желіде белсенді ұстаз ретінде танылған. Оның Instagram парақшасына 300 мыңға жуық оқырманы бар. Ол жақында Баян Алагөзова ұйымдастырған «Алтын ханым» байқауының жеңімпазы атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.