Қазақстанда 2 емделуші коронавирустан жазылды, - деп мәлімдеді «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. «Брифингті жақсы жаңалықтан бастағымыз келіп отыр. Екі емделуші коронавирустан айықты. Қазір олар соңғы тексеру сараптамаларын тапсыруда. Бұйыртса ауруханадан ертең шығады. Бұл - біздің коронавируспен күрестегі жеңісіміз. Басты дүние осы деп айтуға болады. Ең алдымен бұл - дәрігердің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан Үкіметтің және барша қазақстанықтардың атынан медицина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінң қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Кез келген маман үшін ең бастысы - өз еңбегінің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді», - деді министр. Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда 80 адам коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.