"Көпірдегі кептелісті айналып өтпек болған": Астанада жүргізуші қамауға алынды

Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Астанада Қошқарбаев көшесіндегі көпірде жол ережесін өрескел бұзған Toyota жүргізушісі жазаланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полиция мәліметінше, 20 жастағы жүргізуші көлік ағынын бөлуге арналған қауіпсіздік кеңістігімен жүріп өткен. Ол заң бұзу дерегін телефонға түсіріп, кейін видеоны әлеуметтік желіде жариялаған.

Жүргізушіге қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Ол көлікті жолдың жүру бөлігінде орналастыру ережесін бұзғаны, рульде отырып телефон пайдаланғаны, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.

Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Әлеуметтік желілерде қаралым мен танымалдыққа ұмтылған жол қозғалысына қатысушылар соңғы кезде жолда қауіпті әрі арандатушылық әрекеттерге жиі барып жүр. Сондықтан полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады. Заңды әдейі және өрескел бұзудың әрбір дерегіне принципті құқықтық баға берілетін болады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)