Шавкат Рахмоновтың әйелі татуласу туралы қауесетке жауап берді

Бірақ Гүлайым Рахмонова бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова олардың татуласқаны туралы тараған қауесетке жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Еске салайық, бұған дейін берген сұхбатында ол спортшымен ажырасу процесі жүріп жатқанын мәлімдеген болатын. Кейін әлеуметтік желілерде жұптың қайта татуласқаны туралы түрлі болжамдар тарады.

Бірақ Гүлайым Рахмонова бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Ажырасу процесі әлі аяқталған жоқ. Әйтпесе, "татуласып кетті ме, татуласып қала ма?" деп алаңдап жүргендер бар арамызда. Уайымдамаңыздар, процесс аяқталған соң міндетті түрде өздеріңізге хабарлаймын», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.