Әнші Жанар Дұғалова тыңдармандарына қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші жеке концертін өткізуді жоспарлап жүргенін айтты. Сонымен қатар тыңдармандарынан жеке шығармашылық кеш өткізу туралы жиі өтініш түсетінін атап өтті.
“Жанкүйерлерім күн сайын жазып, хабарласып, жеке концертті қашан өткізетінімді сұрап жатады. Сұраныс өте көп. Сондықтан Құдай қаласа, күтіңіздер!” – деді RevueNews-қа берген сұхбатында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.