Жыл басынан бері заңсыз қару айналымына қарсы жүргізілген шаралар нәтижесінде 1 200-ден астам қару тәркіленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті нығайту және заңсыз қару айналымының жолын кесу бағытындағы кешенді жұмысы жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, «Қару» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шаралары барысында қылмыстық айналымнан 1 200-ден астам қару алынған. Тәркіленген қарудың қатарында 18 автомат, екі гранатаатқыш, 320-дан астам тапанша, 100-ден астам ойық ұңғылы қару және 700 тегіс ұңғылы мылтық бар. Сондай-ақ олардың арасында Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 120 қару анықталған. Соның ішінде бір бөлігі Қаңтар оқиғалары кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған болып шыққан.
ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, бүгінге дейін азаматтар өз еркімен шамамен 750 түрлі қару мен 4 мыңға жуық оқ-дәріні тапсырған. Министрлік заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.