Жаңа шектеулер алдында халық зейнетақы жинағын жаппай шешіп алды

Бұл сәуір айымен салыстырғанда екі есе көп. Төленген қаражат көлемі 117,8 миллиард теңгені құрады.

2025 жылдың мамырында тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін алу жөніндегі орындалған өтініштер саны 119,1 мыңға жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл сәуір айымен салыстырғанда екі есе көп. Төленген қаражат көлемі 117,8 миллиард теңгені құрады.

Өтініштер санының күрт өсуіне зейнетақы жинағының жеткіліктілік шектерін қайта қарау туралы хабарлама себеп болды. Маусым айында жарияланған жаңа әдістеме бойынша бұл шектер салымшылардың жасына қарай шамамен екі есеге артты.

Мамыр айында қаражатты пайдаланудың негізгі бағыты тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі депозиттерді толықтыру болды. Бұл барлық өтініштердің жартысына жуығын құрады. Ал өтініштердің 21%-ы Отбасы банкіндегі ипотекалық қарызды ішінара өтеуге бағытталды.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа талаптар күшіне енгенге дейін азаматтар қолжетімді қаражатын шешіп алуға асыққан. Осыған байланысты мамыр айы зейнетақы жинақтарын белсенді пайдаланудың соңғы кезеңдерінің бірі болуы мүмкін.

Соңғы бес жарым жылда қазақстандықтар тұрғын үй және емделу мақсаттарына зейнетақы қорынан 5,8 триллион теңгеден астам қаражат пайдаланған. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіш 2021 жылы тіркеліп, 2,6 триллион теңгеге жеткен.