Карантин: Нұр-Сұлтан мен Алматыға кімдер кіріп-шыға алады?
Карантин: Нұр-Сұлтан мен Алматыға кімдер кіріп-шыға алады?
© inform.kz
Карантиндегі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына көліктер мен адамдар әкімдік тізімі бойынша кіріп-шығады, - деп мәлімдеді «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. «Сергек» жүйесін жасаушы компания полиция департаментінің планшеттеріне арнайы мобильді қосымша енгізді. Сол арқылы полиция қызметкерлері блокпостар арқылы кіріп-шыққан көліктер мен адамдарды есепке алады», - деді министр. Оның айтуынша, осы мобильді қосымша көліктің нөмірі мен жүргізушінің рұқсат етілген тізімде бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. «Бұл тізімді әкімдік жасайды. Тізімде мысалы, қалаға азық-түлік, дәрі әкелетін адамдар мен көліктер кіргізіледі. Ал тізімде жоқ азаматтар блокпост арқылы өте алмайды», - деді Дәурен Абаев.