Қазақстан құрамасының жеңіл атлетика бойынша бапкерлер штабы Қытайдың Ордос қаласында өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Құрлықтық додада еліміздің намысын 21 жеңіл атлет қорғайды.
- Аяна Болатбекқызы (800, 1500 метр)
- Александр Жигарь (800 метр)
- Ақбаян Нұрмамет (1500 метр)
- Виктория Сукачева (800 метр, 4х400 метрлік эстафета)
- Ринат Кулыгин (3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру)
- Бағжан Серікқан (3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру)
- Анастасия Цвиркунова (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 4х400 метрлік эстафета)
- Екатерина Колода (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 4х400 метрлік эстафета)
- Ақбілек Құралбай (3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру)
- Мария Шувалова (400 метр, 4х400 метрлік эстафета)
- Анна Шумило (400 метр, 4х400 метрлік эстафета, 4х100 метрлік эстафета)
- Екатерина Пузырёва (100, 200 метр, 4х100 метрлік эстафета)
- Дарья Гридасова (4х100 метрлік эстафета)
- Татьяна Но (4х100 метрлік эстафета)
- Фаина Мейірманова (биіктікке секіру)
- Диляра Хайбуллина (ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру)
- Максим Балабин (сырықпен секіру)
- Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру)
- Ясмина Тоқсанбаева (20 000 метрге спорттық жүріс)
- Эльмира Калимуллина (20 000 метрге спорттық жүріс)
- Алина Чистякова (жетісайыс, 4х100 метрлік эстафета)
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 9-12 шілде аралығында өтеді.