Қазақстан халқы шілдеде мереке және демалыс күндерін қоса алғанда тоғыз күн демалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл айда тек бір ғана мемлекеттік мереке – Астана күні. Сондай-ақ бірнеше кәсіби мереке бар.
6 шілде биыл дүйсенбіге сәйкес келіп тұр. Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтар 4, 5 және 6 шілде күндері (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) демалады.
Сейсенбі күні жұмыс аптасы басталады.
Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 4 шілде - жұмыс күні. Олар 5 және 6 шілде күндері демалады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.