Әлеуметтік желіде Әділет Сапарғали деген атпен тіркелген желі қолданушысы ағылшын тілінде сөйлеп, жұртты таңғалдырды, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол ауылда ләңгі ойнаған балаларды желіге жариялап, ойынның мағынасын ағылшын тілінде түсіндірген.
Желідегі жұрт оның ағылшын тілін жетік меңгергеніне таңғалысын жасырмады. Тіпті оның мүдірмей сөйлегеніне қарап, дауыс жасанды интеллектпен жасалған деп ойлағандар да бар.
Алайда Әділет Сапарғали бұл өзінің дауысы екенін айтты.
«Бұл жасанды интеллект емес, өз дауысым. Қазақтың баласымын. Монғолияға саяхаттап келдім. Алты жыл бұрын ағылшынша бір сөз де білмейтін едім. Мектептегі мұғалімдерім ағылшын тілі сабағын орысша оқытатын. Мен ешқандай курсқа бармадым, ойын арқылы үйрендім. Ол жерде үлкен халықаралық қауымдастық бар, ешкім қазақша не орысша сөйлемейді. Сондықтан менің де ағылшынша сөйлеуіме тура келді», - дейді ол.
Желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, тіл үйренуге қызығушылығын оятқанын айтып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.