Футболдан ӘЧ: Мексика құрамасы алғашқы ойынын жеңіспен бастады

2026 жылғы әлем чемпионаты 19 шілдеге дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне алғаш рет 48 команда қатысып отыр.

Мексика ұлттық құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы матчында Оңтүстік Африка командасын жеңіп, өз жолын жеңіспен бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

А тобындағы алғашқы кездесу Мехико қаласындағы "Ацтека" стадионында өтіп, 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Гол соққандар: шабуылшылар Хулиан Киньонес (9-минутта) және Рауль Хименес (67-минутта). Нәтижелі пас бергендер: жартылай қорғаушы Эрик Лира, шабуылшы Роберто Альварадо.

Ал Оңтүстік Африка құрамасы матчты 10 адаммен аяқтады. Жартылай қорғаушылар Яя Ситхоле (49) мен Тхемба Зване (84) қызыл қағаз алды. Қосымша уақытта (90+2) Мексика құрамасының қорғаушысы әрі команда капитаны Сесар Монтес та алаңнан қуылды.

Дегенмен турнирдің ашылу матчында жеңіске жеткен Мексика үш ұпай жинады. Оңтүстік Африкада ұпай жоқ. Сондай-ақ А тобында Оңтүстік Корея мен Чехия құрамалары бар.