Тегін азық-түлік жиынтығын кімдер алады?
Тегін азық-түлік жиынтығын кімдер алады?
© сурет интернеттен алынды
162
оқылды
109 номеріне хабарласып, азық-түлікке тапсырыс беруге болады деген ақпарат жалған, - деп мәлімдеді  «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. «Кеше ғана мен Президент тапсырмасы бойынша тегін азық-түлік жиынтығы туралы ақпарат жария еткен болатынмын. Оны азаматтардың 4 санаты ала алатынын еске салғым келеді. Бірінші санат - атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылардың 6 жастан жоғары балалары. 2, 3, 4-санат - карантиндік аймақта тұратын азаматтар. Нақты айтқанда, АӘК алатын отбасылардың барлық ересек мүшесі, оның ішінде көпбалалы отбасылар, барлық жастағы 1 және 2-топтағы мүгедектер мен мүгедек балалар, мүгедек баланың күтімімен отырған ата-аналар», - деді министр. Сонымен қатар ол қазір әртүрлі мессенджерде 109 номеріне хабарласып, азық-түлікке тапсырыс беруге болады деген хабар тарап жатқанын айтты. «Бұл - жалған ақпарат. Оны жасаған адамдар табылады және заңға сәйкес жазаланады», - деді ол.