Жүрек жұмысын жақсартады: шайды қалай ішу керегін білесіз бе?

Сондықтан көк шайды күніне үштен бес кесеге дейін ішкен дұрыс.

Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы Шай шаруашылығы институтының зерттеушілері жүздеген клиникалық және эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелерін жинақтап, көк шайдың адам денсаулығына әсері жайлы жазған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Tengri Life-қа сілтеме жасап. 

Ағзаға қорғаныс әсерінің бесеуін атауға болады:

липидтік профильді жақсарту және артериялық қысымды төмендету арқылы жүрек-қантамыр ауруларының қаупін азайту;

инсулинге сезімталдықты қалыпқа келтіру арқылы екінші типті диабеттің алдын алу;

ісік жасушаларының пролиферациясын тежеуге байланысты антионкогендік әсер;

қартаю кезіндегі когнитивті функцияларды қорғау;

саркопенияға  бұлшық ет массасының жасқа байланысты жоғалуына қарсы тұру.

Анықталғандай, шайға сүт қосу казеинмен байланысуына байланысты катехиндердің биожетімділігін шамамен үштен біріне төмендетеді. Сондықтан көк шайды күніне үштен бес кесеге дейін ішкен дұрыс.

Бұл ретте шайды Цельсий бойынша 80 градустан аспайтын температурада демдеу керек. Әйтпесе, қайнаған су катехиндердің бір бөлігін бұзады және ұзақ уақыт солай ішсе өңештің шырышты қабығының жеңіл тітіркендіреді. 

Зерттеу қара шайды да қамтыды. Ол теафлавиндердің арқасында антиоксиданттық қасиеттерге ие. Дегенмен бұл қасиет көк шайға қарағанда төменірек.

Сонымен қатар  ғалымдар табиғи демделген шай мен өндірістік бөтелкедегі сусындар немесе  bubble tea  деп аталатын сусындар арасындағы түбегейлі айырмашылыққа ерекше назар аударды. Егер қара шайды ұзақ сақтаса катехиндердің концентрациясы күрт төмендейді: ал қосылған қант шайдың метаболикалық артықшылықтарын ішінара немесе толығымен жояды.