Өтіп жатқан съезд туралы Астана қалалық мәслихатының депутаты Қанат Ғалымжанұлы пікір білдірді.
«2023 жылдың 7 ақпанында партияның XXV съезі өткен болатын. Сол уақыттан бері атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берілді. Нәтижелі жұмыстарға баға беріледі. Ең маңыздысы, партияның болашақта атқаратын жұмыс жөнінде айтылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рәміздер күнінде еліміздегі саяси күштерді еліміздің дамуына жұмыла жұмыс істеуге шақырған болатын. Осы бағытта ауқымда жоспарлар Саяси кеңесте қаралып, талқыланды», – деді Астана қалалық мәслихатының депутаты Қанат Ғалымжанұлы.
Айта ктейік, съезде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы Еркебұлан Зағыпаров өңірлерді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтқан болатын.