Университет түлектеріне диплом тапсырды

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев университет түлектеріне диплом тапсыруға арналған салтанатты рәсімге қатысты.

Палата Спикері жас мамандарды құт­тықтай келе, Мемлекет басшысының бастамасымен елі­мізде ауқымды жаңғыру үдерістері жүзеге асырылып жат­қанын атап өтті. Кешенді жұ­мыс­тың дәйекті жалғасы ретінде конституциялық реформа жүр­гізіліп, жаңа Конституция қа­был­данды. Бұл – Қазақстан та­рихындағы маңызды оқиға, мем­лекеттің ұзақмерзімді тұрақ­ты­­лығының берік негізі және жаһандық сын-қатерлерге уақы­тылы берілген жауап.

Сондай-ақ елді жаңғырту және саяси жүйені кешенді түрде реформалау жолында заңнама­лық бастамаларды қамтамасыз етумен қатар, білікті әрі жауапты маман­дардың да рөлі ерекше екеніне баса мән берілді. Жаһан­дық технологиялық және әлеу­мет­тік трансформациялар дәуі­рінде жаңғыру миссиясы негізі­нен жас буынға жүктеледі. Сон­дықтан Мәулен Әшімбаев елі­міз­дегі жетекші жоғары оқу орын­дары­ның бірінің дипломы – жоғары білім алғанын растайтын құжат қана емес, қоғам ал­дын­дағы үлкен жауапкершілік еке­нін айтты.

Сенат Төрағасы өз сөзінде NU универ­ситеті отандық ғы­лым­ды, инновацияларды және адам капиталын дамыту жолында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ ол университет өзінің басты миссиясын нә­ти­желі жүзеге асырып келе жат­қанына назар аударып, атал­ған оқу орны Қазақстанда озық зерттеу мәдениетін қалыптас­тыруға, заманауи академиялық стандарттарды енгізуге және еліміздің жоғары білім беру жү­йе­сін жаңғыртуға үлкен ықпалын тигізіп отырғанын тілге тиек етті.

Салтанатты рәсім барысында Мәулен Әшімбаев жас маман­дарға өмірлік бағдар болатын маңызды бағыттарға да тоқталып өтті. Бұл орайда Сенат Төрағасы кәсіби біліктілік, дұрыс құнды­лықтар және үз­діксіз өзін-өзі же­тіл­діру табысты ман­саптың не­гізі екенін айтты.