Дональд Трамп: Иранмен келісім жақын, бірақ Тегеран асықпауға шақырды

Иран тарапы келіссөздердің нәтижесіне қатысты нақты қорытынды жасауға әлі негіз жоқ екенін атап өтті.

Иранмен екі күнге созылған өзара соққылардан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен ықтимал келісім туралы қайта мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, АҚШ Иранмен қақтығысты іс жүзінде аяқтаған және тараптар арасындағы келісім алдағы күндері-ақ жасалуы мүмкін.

Бірақ Тегеран бұл мәлімдемелерді әзірге ерте деп бағалап, келісім бойынша түпкілікті шешім қабылданбағанын жеткізді. Иран тарапы келіссөздердің нәтижесіне қатысты нақты қорытынды жасауға әлі негіз жоқ екенін атап өтті.