Төтенше жағдайға байланысты кімдерге ақшалай төлем берілетіні белгілі болды
Төтенше жағдайға байланысты кімдерге ақшалай төлем берілетіні белгілі болды
© сурет интернеттен алынды
Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылған Қазақстанның жұмыс істейтін азаматтары Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ақшалай төлем алады, - деп мәлімдеді «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. «Кеше хабарлағанымдай, БАҚ пен азаматтардың келіп түсіп жатқан сауалдардың басым бөлігі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға ақшалай төлем жасауға қатысты болып отыр. Жалақысыз еңбек демалысына мәжбүрлі түрде шығуына байланысты төтенше жағдай кезеңінде кірісінен айырылған Қазақстанның жұмыс істейтін азаматтары Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алады. 1 жұмысшыға әлеуметтік өлемнің көлемі айына 1 ең төменгі жалақыны немесе 42,5 мың теңгені құрайды», - деді министр. Оның айтуынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа төлем Қазақстан аумағында жұмыс істейтін ел азаматтарына беріледі. Төлем алудың арнайы шарттары да бар. Алдымен төтенше жағдайдың жариялануына байланысты жалақысы сақталмай демалысқа жіберілген жұмысшыға әлеуметтік төлем беріледі. Төлем алу үшін төтенше жағдай енгізілген датаға дейінгі соңғы 12 айдың кемінде 3 айында азаматтары Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жұмысшы үшін аударым жасалуы қажет. Әлеуметтік төлем орта, шағын және микробизнес жұмысшылары үшін ғана жүзеге асырылады. Жаңа әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жүгініп, төтенше жағдай кезінде қызметінің шектелуіне байланысты жұмысшысының кірісінен айырылатындығын дәлелдейтін құжат ұсынуы қажет.