Журналист Жан Ахмадиев әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударған видеоны жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Видеода келіншек өз басынан өткен ауыр жағдай туралы айтып, көз жасына ерік берген.
Оның сөзінше, ол қайын атасын әрдайым әкесі ретінде құрметтеп келген.
«Ол кісіні қайын ата демейтінмін, әке деп айтатынмын. Бір күні жүрегім бір нәрсені сезгендей болды. "Не істеп жатырсыз?" деп сұрадым. Сонда ол "Ұлым бар кезде ұлым ойнайды, ұлым жоқта мен ойнаймын" деді. Аяғым ауыр екеніне де қараған жоқ. Үстімдегі киімімді шешіп, барлық жерімді аймалады. Іш киімімді шешіп, тиісе бастағанда итеріп қашып шықтым да, моншаға кіріп, ішінен құлыптап алдым. Кейін пышақ тақап, болған нәрсені айтпау үшін қорқытты», – дейді келіншек.
Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Аталған жағдайға қатысты ресми органдардың түсініктемесі жарияланған жоқ.