Ақниет пен Бөрте: Президент асыл тұқымды арғымақтарды көруге арнайы барды

Бұл жайлы ол өзінің Instagram парақшасында жазды

Қазақстан Президенті асыл тұқымды арғымақтарды көруге арнайы барды. Бұл жайлы ол өзінің  Instagram парақшасында жазды.

Бүгін асыл тұқымды арғымақтарды көруге арнайы келдім.

Жуырда екі бие құлындап, Ақалтеке жылқыларының қатарына жаңа арғымақтар қосылған. Алдыңғы төлдің атын Ақниет деп қойдым. Ал кейінгі туған құлыншақты Бөрте деп атадым.

«Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар» деген. Желмен жарысқан жүйрік болсын деп тіледім, - деп жазды Президент