Қостанай облысындағы Меңдіқара ауданында орналасқан Боровской мектеп-гимназиясының асханасында ашық түрдегі туберкулезбен ауыратын қызметкердің жұмыс істегені анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Санитарлық-эпидемиологиялық тексеру барысында қызметкердің медициналық тексеруден өтпей, денсаулығы туралы анықтамасыз жұмысқа қабылданғаны белгілі болды. Осыдан кейін мектепте сабақтар уақытша тоқтатылып, оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді. Ғимаратқа толық дезинфекция жүргізілді.
Оқиғадан соң білім бөлімі асхананы басқарған кәсіпкермен келісімшартты бұзды. Сот кәсіпкердің санитарлық талаптардың сақталуына жауапты екенін атап өтіп, талап арызды қанағаттандырды.
Нәтижесінде кәсіпкер мемлекеттік сатып алу тендерлеріне қатысу құқығынан айырылды.