Қостанай облысында жол апатынан жаяу жүргінші қайтыс болды

Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Қостанай облысының Лисаковск қаласында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Алған жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші медициналық мекемеде көз жұмды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.