«Бақыттан басым айналып тұр»: Сәкен Майғазиев қуанышты жаңалығын жеткізді (видео)

Желі қолданушылары әншіні құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.

Әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалықты жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі видео жариялап, немерелі болғанын айтты.

"Ассалаумағалейкүм асылдарым! Сүйінші! Немерелі болдым! Аллаға мың шүкір! Қазақ елі, сіздерге де немере-шөбере жұғысты болсын! Бақыттан басым айналып тұр!", - дейді ол. 

Желі қолданушылары әншіні құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.

"Бауы берік болсын", "Құттықтаймыз", "Ғұмыры ұзақ болсын!, "Салиқалы ұрпақтарыңыз көп болсын", - деп жазды оқырмандар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.