Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген білім алған мектебіне барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі ұстаздарымен кездесіп, балалық шақ туралы естелік айтты. Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбадан әншінің мектеп ұжымына керемет көңіл күй сыйлағанын көруге болады.
"Мектеп – балалықтың мекені, ал ұстаз – сол шақтың ең жарқын шамшырағы. Бүгін №32 мектеп-гимназиясына барып, мені тәрбиелеген ұстаздарыммен қауыштым. Уақыт өзгереді, адам өседі, бірақ ұстазға деген құрмет пен мектепке деген сағыныш ешқашан өзгермейді", - деп жазды Димаш Құдайберген.
Желі қолданушылары бұл көрініске сүйсініп, әншіге ыстық ықыласын білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.