Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, екпінді жел соғып, бұршақ түсуі мүмкін, - деп хабарлайды Aikyn.kz. «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Мекеме 16-18 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынған болатын. Олардың мәліметінше, 16 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, ал 18 маусымда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр күтіледі.
Күндіз ауа температурасы еліміздің оңтүстік-батысында және оңтүстігінде +35…+40°С-қа дейін көтеріліп, күн ысиды.
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде де ауа температурасы +35…+38°С-қа дейін жоғарылап, күннің ыстығы сақталмақ.