Маңғыстауда қарақұрт көбейді: 18 адам дәрігердің көмегіне жүгініп, 2 бала ауруханаға түскен

Соңғы он күнде қарақұрт шаққан екі бала ауруханада жатыр.

Маңғыстау облысында қарақұрттардың көбеюі алаңдаушылық туғызып жатыр. Биылдың өзінде өңірде улы өрмекші шаққан 18 адам медициналық көмекке жүгінген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың мәліметіше, мамандар қарақұрттың көбеюін толассыз жауын-шашынның жауғанымен байланыстырады. Сонымен қатар бірқатар медициналық мекемелерде қарақұрт уына қарсы сарысу қоры жеткіліксіз екен. Сол себепті кей науқастар облыс орталығындағы ауруханаларға жеткізіліп жатыр. 

Облыс әкімдігінде өткен арнайы кеңесте барлық қала мен ауданда антидот қорын толықтыру, дезинсекциялық жұмыстарды күшейту және халық арасында түсіндіру шараларын жүргізу тапсырылды.

Соңғы он күнде қарақұрт шаққан екі бала ауруханаға түскен. Дәрігерлер олардың жағдайы тұрақталғанын хабарлады.