"Аяғы қысылып қалған": Қызылордада бозбала аттракционда жарақат алған

Істің тергелуі департамент басшылығының бақылауында.

Қызылорда қаласындағы саябақтардың бірінде баланың аяғы аттракционға қысылып қалғаны бейнеленген видео тарады. Қазір  оқиғаға қатысты іс тергеліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желі қолданушысы аттракционда бозбаланың аяғына қатты зақым келгенін, оған шұғыл түрде қан қажет екенін жазған. Облыстық Полиция департаменті аталған мәселеге байланысты түсінік берді.

– Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір аталған іс аясында оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері басталды.

Қылмыстық іс бойынша заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, – делінген хабарламада.