Кезекті сот отырысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев қылмыстан кейінгі әрекеттері туралы мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
15 маусымда өткен сот отырысында оған сөз беріліп, оқиғадан кейін қайда болғаны және қандай әрекеттер жасағаны сұралды.
С. Сәрсемәлиевтің айтуынша, қайғылы оқиғадан кейін 2025 жылдың қараша айында ол жалғыз өзі Меккеге барған. Айыпталушы бұл сапарға рухани тыныштық іздеп, Құдайдан кешірім сұрау ниетімен шыққанын айтты.
«Өлсем де, Құдайдан кешірім сұрап қалайын деп ойладым. Содан кейін қайда барарымды нақты жоспарламай, жолға шықтым. Түркия арқылы Меккеге жеттім», – деді ол сот барысында.
Қазіргі уақытта төрт адамның өліміне қатысты іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр. Іс бойынша барлық мән-жай сотта қаралып отыр.