Гүлзира Айдарбекова мұқтаж жанға пәтер беремін деп сынға ұшырады

6 немересін өсіріп отырған Ақат апа жасалған сыйға қуанышын жасыра алмады.

"Харекет халық қоры" өзінің кезекті пәтерін мұқтаж жанға беріп, оның кілтін продюсер Гүлзира Айдарбекова табыстаған болатын. Алайда көпшілік оның бұл әрекетін сынға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

"Ақат апаның жылдар бойы үзілмеген үміті ақталып, арманы орындалды. Сынақтарға сынбай келе жатқан бұл отбасында бүгін жаңа қоныс! Осы қуанышқа себепкер болған барша қазақ еліне алғысымыз шексіз!", - деп жазды "Харекет қоры" өздерінің әлеуметтік парақшасында. 

6 немересін өсіріп отырған Ақат апа жасалған сыйға қуанышын жасыра алмады. Тіпті, көзіне жас алды. Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. 

"Әдейі түсіргені білініп тұр", "Ойбу, не деген әртістер", "Кино болып кетті", "Актерлар-ай, бірақ бәрі күшті болды", – деді. Ал енді бірі осындай қайырымды істің көп болуына тілектестік білдірген.