«Көбі сенбей жатады»: Алтынай Жорабаева оқырмандарына жан сырын ақтарды

Айтуынша, шашының табиғи жылтыр әрі қайратты екеніне көбі сенбей жатады.

Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында бала кездегі суретін жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, шашының табиғи жылтыр әрі қайратты екеніне көбі сенбей жатады. Әнші кішкентай кезіндегі суреті сөзіне дәлел бола алатынын айтты.

"Бүгін отбасылық чатқа осындай суреттер келді. Бірінші суретте шашымды айтамын. Күнге шағылысып тұр ғой. Көбі айтады “Алтынай шашыңа кератин жасатып, түзулеткенсіз бе?”. “Жоқ” десем, сенбей жатады. Міне дәлел. Қас пен кірпікті айтсайшы", - дейді әнші.

Желі қолданушылары әнші кішкентай кезінде сүйкімді болғанын айтып жатыр.

«Қандай сұлу», «Шаш қалың, жарқырап тұр», «Шашыңыз бала күніңізден керемет екен. Табиғаттың сыйы», - деп жазды оқырмандар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.