40 градус ыстық, жаңбыр: 18 мамырға ауа райы болжамы

Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қазгидромет 18 маусымда ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Облыстың орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 18 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарындағы екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 18 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 18 маусымда күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 18 маусымда күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттағы екпіні - 18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Күндіз Атырау облысының батысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 18 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 18 маусымда таңертең және күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда 18 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болатыны болжанады.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде солүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 18 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ түседі, дауыл  тұрады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 18 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, ал түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Өскеменде 18 маусымда төтенше өрт қаупі бар.

Түнде Абай облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 18 маусымда солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада 18 маусымда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте  18 маусымда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 18 маусымда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 18 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 18 маусымда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.