Халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегенова шәкірті Толқын Забироваға сый жасады, – деп жазды Aikyn.kz.
Қазақтың бұлбұлы атанған әнші өзінің әшекей бұйымдарын шәкіртіне сыйлап, «Сахнада киесің» деген батасын берген.
Ерекше сәт бейнеленген көрініс әлеуметтік желіде жарияланды.
Желі қолданушылары ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластыққа тәнті болып, жылы лебізін білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.