Каспий теңізінде тағы да жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің эпицентрі Ақтау қаласынан шамамен 577 шақырым қашықтықта орналасқан.

Сейсмологтар Каспий теңізінде тағы бір жер сілкінісі тіркелгенін мәлім етті. Оның магнитудасы  3,5 балл болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады.

Олардың мәліметінше, жерасты дүмпулері 17 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:53-те тіркелген.  Жер сілкінісінің магнитудасы 3,5 балды құрады. Жерасты дүмпуінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқан.

"Гипоорталықтың координаттары: солтүстік ендіктің 38°35′24″ және шығыс бойлығының 49°33′0″", – делінген хабарламада.

Бұл – 2026 жылдың басынан бері Каспий теңізі акваториясында тіркелген 34-жер сілкінісі. Аталған өңірдегі бұған дейінгі жерасты дүмпулерін қазақстандық сейсмологтар 10 маусым күні тіркеген болатын.