Астанада бір топ жасөспірім бес баланы соққыға жыққан. Қазір қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Белгілі болғандай, оқиға 10-11 маусым күні Астанадағы аудандардың бірінде болған.
Ата-аналардың айтуынша, бір топ жасөспірім бес баланы кезек-кезек соққыға жыққан. Олар сондай-ақ балалардың бірін соққыға жыққан сәт түсірілген бейнежазбаны да жариялады.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлады.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, олар бұрыннан таныс болған. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Мәлімдеуінше, олар бұрыннан таныс болған.