"Бір бөлмелі пәтерге 990 адамды тіркеген": алматылық тұрғынның бас бостандығы шектелді

Қала прокуратурасы көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды заңсыз тіркеудің жолын кесті. Тексеру нәтижелері бойынша Наурызбай ауданында тұратын пәтер иесі  сыйақыға 990 адамды тіркеген. Ол сол жерде тұруынсыз, заңсыз көші-қон әрекетін ұйымдастырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Наурызбай ауданының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 394-бабымен (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) тіркеген қылмыстық іс бойынша сот «Резеңке пәтердің» иесіне қатысты айыптау үкімін шығарып, 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. 

Қала прокуратурасы қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты болдырмау мақсатында көші-қон заңнамасын сақтау қажеттігі туралы ескертеді.