Ресейде коронавирустан екі адам қайтыс болды

Ресейде коронавирустан екі адам қайтыс болды

Мәскеуде коронавирусқа шалдықққан екі адам қайтыс болды. Жергілікті Жедел штаб мәліметінше, марқұмдардың жасы 88 және 73-те болған. Олардың пневмониясы расталып, оған сәйкес ауытқуы болған. Штабтағылар қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдар оқшаулау режимін қатаң ұстануы керегін айтып отыр. Коронавирус 170-тен аса елде анықталып отыр. ДСҰ-ның мәліметінше, жалпы 370 мың адам ауруға шалдыққан, 16 мыңы қайтыс болған. Ресейде 658 адам COVID-19 жұқтырып, 29-ы осы дерттен айыққан. Біз бұған дейін Қазақстанда 81 адам коронавирусқа шалдыққанын хабарлағанбыз. Қазірге дейін Қазақстанда 2 адам коронавирустан айыққан.