ШҚО-да үш жылдан бері танысын қорқытып, ақша алған адам ұсталды

2023 жылдан бастап 39 жастағы ер адам күш қолданамын деп қорқытып, жәбірленушіні өзіне ақша беруге мәжбүрлеп отырған.

Шемонаиха қаласында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін анықтады. Ол танысына күш көрсетіп, ақша мен мүлкін иемденді деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша 2023 жылдан бастап 39 жастағы ер адам күш қолданамын деп қорқытып, жәбірленушіні өзіне ақша беруге мәжбүрлеп отырған. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 2,5 миллион теңге. Сондай-ақ тергеу деректеріне сәйкес, күдікті жәбірленушіден өзіне тиесілі Volkswagen Passat автокөлігін сатуды талап еткен. Алайда мәміле жүзеге аспағаннан кейін одан 1 миллион теңге беруді талап еткен. 

Заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленуші қомақты көлемдегі ақша мен мүлкінен айырылған. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды кез келген заңсыз әрекеттер үшін заңда белгіленген жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.