Михаил Шайдоровқа Олимпиада чемпионы атанғаны үшін қанша сыйақы берілгені белгілі болды

Ақшалай сыйақы жүлдегер спортшылардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына төленді.

Қысқы Олимпиада жүлдегері мен жаттықтырушыларға 250 миллион теңгеден астам сыйақы төленді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан Үкіметі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV қысқы Олимпия ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров (мәнерлеп сырғанау) пен үздік алтылыққа енген Надежда Морозоваға (конькимен жүгіру) ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады. 

Қаулыға сәйкес, Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлемдер бөлінді. Жалпы алғанда, 2 спортшы мен 5 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Михаил Шайдоровқа 250 000 АҚШ доллары, Надежда Морозоваға 5 000 АҚШ доллары мөлшерінде ақшалай сыйақы қарастырылған. 

Ақшалай сыйақы жүлдегер спортшылардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына төленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.