"Қателікке жол берді": Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді аяқтады

Ол 13 эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді.

Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 санаттағы турнирді екінші айналымда аяқтады. Ол әлемнің 35-ракеткасы филиппиндік Александра Эаладан ұтылып қалды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жарыста екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші бәсекені екінші айналымнан бастады. Бұл кезеңде оған әлемнің 35-ракеткасы, филиппиндік Александра Эала тап келді. Кездесу екі сетке созылып, Рыбакина 5:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 32 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена 13 эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді және екі брейк-пойнттың біреуін ғана тиімді пайдаланды.

Осылайша, Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдегі жарыс жолын екінші айналым кезеңінде аяқтады.