«Алматы – Өскемен» тасжолының бір бөлігі орташа жөндеуден өтіп, 12 шақырымына асфальт төселіп, жұмыс қарқынды жүріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жетісу облысында республикалық маңызы бар «Алматы – Өскемен» автожолының 259-287 шақырым аралығындағы, Талдықорған қаласының айналма жолында орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Жоба аясында жол жамылғысы толық жаңартылып, жарықтандыру тіректері орнатылады және жаңа жол таңбалары сызылады. Қазір 12 шақырым аумақта асфальт төселіп, жұмыс қарқынды жүріп жатыр.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кей учаскелерде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылған. Мамандар жүргізушілерді жол ережесін сақтап, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады.