Жыл басынан бері мал ұрлаған 258 адам ұсталды

Ұрланған 1 730 бас малдың 1 007-сі иелеріне қайтарылған.

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығының алдын алу мақсатында профилактикалық және жедел-іздестіру  шараларын тұрақты түрде жүргізіп келетінін жеткізді. Биылғы жылдың бес айында 258 адам ұсталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты.

2026 жылдың алғашқы бес айында 266 мал ұрлығы тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға төмендеген. Сонымен қатар қылмыстың ашылу деңгейінде оң динамика байқалады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 258 адам ұсталып, 58 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. 

Жамбыл облысында да мал ұрлығына қатысты қылмыс ашылды. Полиция қызметкерлері жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 25 бас ірі қараның ұрланғанын анықтады. Жедел  шара барысында үш күдікті ұсталып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған мал иесіне қайтарылған.