Майқайыңдағы алтын кенішінің иесі ауысты

Мәміле 27 сәуірде аяқталған.

«Алтыналмас» компаниясы Павлодар облысындағы «Майкаинзолото» кәсіпорнының 100% акциясын өзінің бас компаниясы – Нидерландта тіркелген Gouden Reserves B.V. тобына қарасты құрылымға 8,7 миллиард теңгеге сатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мәміле 27 сәуірде аяқталған. «Майкаинзолото» Майқайың жерасты кенішіне, байыту кешеніне, орталық қазандыққа және өзге де өндірістік нысандарға иелік етеді.

Айта кетейік, «Алтыналмас» компаниясының өзі қазір кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліпке сатылу процесінен өтіп жатыр. Осыған байланысты компания өз активтерін қайта құрылымдауда.