Астанада учаскелік полиция инспекторы сегізінші қабаттағы балконның сыртында тұрған әйелді құтқарып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға туралы тұрғындардың бірі полицияға хабарлаған. Ақпарат түскен бойда учаскелік инспектор Рахметолла Нұрымов оқиға орнына жедел жеткен.
Полицей алдымен әйелмен сөйлесіп, оны сабырға шақыруға тырысқан. Кейін сегізінші қабатқа көтеріліп, қолайлы сәтті пайдаланып, әйелді қауіпсіз жерге тартып шығарған.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.