Әнші Сәкен Майғазиев немересіне қандай ат қойғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Жақындарымен бірге жаңа туған сәбиді перзентханадан шығарып алған өнер иесі бүгін немересіне азан шақырып ат қойды.
«Белсенділік танытып, тілектес болғандарыңызға мың алғыс! Жақындарымызбен ақылдаса келе, қасиетті жұма күні, өзі де, өмірі де әдемі болсын деп, Алла Тағала әдемі қарттыққа жеткізсін деген ниетпен немереміздің есімін Әдемі деп қойдық. Әдемі Әділетқызы, АЛЛА тағала маңдайыңа әдемі тағдыр жазсын. Әумин!», - деді Сәкен Майғазиев.
Желі қолданушылары әншінің отбасына бақыт тіледі.
«Құттықтаймын, бақытты қыз болсын!», «Өмір жасы ұзақ болсын», «Сәкен аға мына түрімен Әдемі қызын жекеменшіктеп алады-ау», «Сәкен аға керемет ата болайын деп тұр», - деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.