«Павлодарда бүгін жол жабылады» деген ақпарат – жалған
«Павлодарда бүгін жол жабылады» деген ақпарат – жалған
Фото: Интернеттен алынды
142
оқылды
25 наурыз күні белгісіз біреу WhatsApp әлеуметтік желісінде «26 наурыз таңғы сағат 8-ден бастап Павлодар қаласының жабылатыны туралы» ақпарат таратқан, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция департаменті бұл мәліметтің жалған екенін айтты. Қазіргі кезде облыстық полиция департаменті төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы) сот алдындағы тергеу амалдарын бастады. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде дыбыстық хабарламаны жазып, таратқан адамның тұлғасын анықтауға бағытталған іздеу шаралары өткізілуде. Полиция департаменті тұрғындарға төтенше жағдай кезінде жасалған осындай әрекет 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасын бар екендігін ескертеді. Осындай фактілерді анықтау үшін, полицейлер күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, рас-өтірігін халыққа хабарлап отыр.