Аукцион тек арнайы мемлекеттік органдар мен Президент және депутаттардың қызметін қамтамасыз ететін ұйымдарға арналған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Саудаға шығарылған Hyundai Elantra маркалы сегіз көлік ерлі-зайыпты блогерлердің Zhana Business компаниясына тіркелген. Бастапқы баға 0 теңге деп көрсетілгенімен, тәуелсіз сарапшылар әр автокөлікті 8,4 миллион теңгеге бағалаған.
Еске салайық, Жанабыловтар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танылған. Сот шешімімен олардан сегіз автокөлік пен 17 дана iPhone 16 тәркіленді.