Қапшағайда 20 жастағы қыз суға батып кете жаздады

Қапшағай су қоймасында суға батып бара жатқан қыз құтқарылды

Қонаев қаласында Қапшағай су қоймасындағы демалыс аймақтарының бірінде суға батып бара жатқан қыз құтқарылды.

2005 жылы туған қызды акваторияны патрульдеу кезінде құтқарушылар байқаған. Ол жағадан шамамен 20 метр жерде, буй белгісінен тыс аумақта суға батып бара жатқан.

ТЖМ қызметкерлері қызды судан шығарып, жағаға жеткізді. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қазір ол Қонаев қалалық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында.