«Жалғандағы жарығым сөнді»: Нұрлан Өнербаев анасының қайтыс болғанын хабарлады

Әнші жүрек тебірентерлік жазбасында анасына деген сағынышы мен қимастық сезімін жеткізді.

Қазақстандық танымал әнші Нұрлан Өнербаев әлеуметтік желідегі парақшасында қаралы хабар жариялап, анасының дүниеден өткенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әнші жүрек тебірентерлік жазбасында анасына деген сағынышы мен қимастық сезімін жеткізді.

«Жалғандағы жарығым сөнді. Анам 100 жасайды деуші едім, Алланың есебі басқа екен ғой. Амал нешік. Алдың жарық болсыншы, анашым», – деп жазды әнші.

Қаралы хабардан кейін желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері Нұрлан Өнербаевқа көңіл айтып, марқұмның иманды болуын тіледі. Сондай-ақ әншінің отбасы мен жақындарына сабыр мен қайрат тілеген жылы лебіздер легі толастамай жатыр.