Ақтөбе облысында төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырған жетім ана Светлана Шайдуллина тұрғын үй кезегіне қайта қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол бұған дейін 10 жылдан астам уақыт күткеніне қарамастан, мемлекеттік қолдаудан айырылып қала жаздаған. Бұл туралы жергілікті басылым хабарлады.
Мартөк ауданында тұратын Светлана Шайдуллина көп жылдан бері жетім балалар санаты бойынша баспана кезегінде тұрған. Оның тәрбиесінде төрт бала бар, олардың бірі ерекше қажеттіліктері бар бала. Светлана балалар үйінде өскен және оған қолдау көрсететін жақын туыстары жоқ.
Биыл ол тұрғын үй кезегінде 15-орынға дейін көтеріліп, жақын арада өз баспанасына қол жеткіземін деп үміттенген. Бірақ кейіннен оның аты кезек тізімінен алынып тасталды.
Бұған бұрынғы қайын атасының немересі – Светлананың ұлы Ильяның атына мұра ретінде үй қалдыруы себеп болған. Десе де бұл баспана тұруға жарамсыз күйде екені айтылды. Үй күрделі жөндеуді қажет етеді, ал оны қалпына келтіруге көпбалалы отбасының қаржылық мүмкіндігі жетпейді.
Осы жағдай қоғам назарын аударып, нәтижесінде Светлана Шайдуллина тұрғын үй кезегіне қайта енгізілді.