Ақмола облысы әкімінің өкімімен облыстық Мәдениет басқармасының басшысы болып Нұрғиса Мұратұлы Дәуешов тағайындалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Нұрғиса Дәуешов Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы Орал қаласындағы Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әртісі ретінде бастаған.
2009-2013 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы болды.
2013-2019 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры қызметін атқарды.
2019-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.
2023-2026 жылдары «Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ директорының кеңесшісі болды.
Тағайындалғанға дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры қызметін атқарған.
Нұрғиса Мұратұлы Дәуешов — «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы